



Жаңаарқа ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» байқауының аудандық кезеңі өтті. Аталған кезеңге Оқушылар үйі КМҚК педагогтары қатысып, жүлделі орындармен оралды.
Атап айтқанда:
🔹 Алпысова Г.С. «Жасыл зертхана: Гидропоника арқылы тұрақты даму мәдениетін қалыптастыру» жобасын қорғап, ІІІ орын иеленді.
🔹 Ибрахимова М.М. «3D модельдеу әлеміндегі дрон» жобасын қорғап, ІІІ орынға ие болды.
🔹 Робототехника үйірмесінің жетекшісі Заир Ж.Т. «Адал азамат – біртұтас тәрбие» аясындағы «Смарт бала» жобасы үшін арнайы алғыс хатпен марапатталды.
Әріптестерімізді жетістіктерімен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс пен жаңа белестер тілейміз!