


Оқушылар арасындағы пікірсайыс турнирінің аудандық кезеңінде І орын иеленіп, жоғары деңгейде білімін, шешендік шеберлігін және көшбасшылық қабілетін танытқан «Кемеңгер» фракциясын шын жүректен құттықтаймыз!
Тартысты додада өздерінің терең ойы мен ұтымды уәждерін дәлелдей білген команда облыстық кезеңге жолдама алды. Бұл – табандылық пен жүйелі дайындықтың, бірлік пен ынтымақтың нәтижесі.
Фракция жетекшісі Қуанышова Жадра Кенжеқарақызына шығармашылық табыс, ал команда мүшелеріне облыстық кезеңде сәттілік пен жеңіс тілейміз!
Жаңа белестерді бағындыра беріңіздер!