


«Гидропоника» үйірмесінің мұғалімі Г.Алпысова ата-ана мен баланың арасындағы ынтымақтастықты нығайту, отбасылық құндылықты насихаттау, баланың интеллектуалдық қабілетін дамыту, бірлесе ойлау, шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру, балалардың логикалық ойлауын дамыту, танымдық қызығушылығын арттыру мақсатында қосымша білім беру ұйымына арналған «Бәріміз бірге» атты интеллектуалдық ойынын өткізді. 6 кезеңнен тұратын ойын сабағы тартымды да қызықты ұйымдастырылған.