


Балаларға патриоттық тәрбие беру мақсатында оқушыларға патриоттық бағыттағы кинофильм көрсетіліп, кейін мазмұны бойынша талқылау ұйымдастырылды. Кино барысында балалар Отанға деген сүйіспеншілік, елге қызмет ету, адалдық пен жауапкершілік туралы маңызды ойлармен танысты. Талқылау кезінде оқушылар өз пікірлерін айтып, фильмнен алған әсерлерімен бөлісті.
Іс-шара басталар алдында “Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс” атты жәрмеңке өткізілді. Жәрмеңкенің мақсаты – балаларға адал еңбек арқылы табыс табудың маңызын түсіндіру, еңбекқорлыққа баулу және жауапкершілік сезімін қалыптастыру. Оқушылар белсенді қатысып, өз қолдарымен жасаған бұйымдарын ұсынып, еңбектің қадірін сезіне білді.