
«STEАM ҮЗДІГІ» ІV аудандық дәстүрлі байқауы «Жаңаарқа ауданының білім бөлімі» ММ қолдауымен және Жаңаарқа ауданының білім бөлімінің «Оқушылар үйі» КМҚК ұйымдастыруымен өткізілді. Байқау «Үздік мобилограф», «Үздік репортер», «Үздік дрон басқарушы», «Үздік қол өнер», «Үздік экожоба» номинациялары бойынша өткізіліп, қазылар алқысының шешімімен әр номинацияның үздіктері анықталды. «Үздік репортер» номинациясында Еламан Шаханов атындағы ТМ оқушысы Көжебай Айша жетекшісі Сыздыкова Саягуль , «Үздік дрон басқарушы» номинациясында «Оқушылар үйі» КМҚК оқушысы Әбікен Әли жетекшісі Ибрахимова Мадина, «Үздік қол өнер» номинациясында Атасу ЖББМ оқушылар Жүнісов Арсен мен Ибрагимұлы Сартай жетекшісі Рысбаев Бержаржан, «Үздік экожоба» номинациясында «№1 мектеп-лицейі» ММ оқушысы Шамкен Ахмат жетекшісі Аменова Акзере, «Үздік мобилограф» номинациясында «Оқушылар үйі» КМҚК оқушысы Елгелді Саяла жетекшісі Ақтаева Мөлдір «STEАM ҮЗДІГІ» ІV аудандық байқауының үздіктері болып табылды.