«Оқушылар үйі» КМҚК-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Ашық есік күні» акциясы өтті. Іс-шараға оқушылар, ата-аналар мен ұстаздар қатысып, мекеме жұмысымен танысты.
Акция барысында аудандық полиция бөлімінің маманы Әбілғазина Р.Қ. сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, мекеме директоры Тайкенов Д.Е. адалдық пен әділдік қағидаттарының маңыздылығын атап өтті.
Мақсат – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және құқықтық сауаттылықты арттыру.




