8 (71030) 2-62-35 Жаңаарқа ауданы, Ә. Оспанова көшесі, 36/1
8 (71030) 2-62-35 Үйірмеге жазылу

«Күзгі қиял әлемі» қолөнер көрмесі

«Күзгі қиял әлемі» қолөнер көрмесі

https://www.instagram.com/p/DfCaHSpN1Pw/


«Оқушылар үйінде» күзгі каникул кезеңінде «Күзгі каникул – қызықты сәттер» іс-шаралар жоспары аясында «Күзгі қиял әлемі» атты қолөнер көрмесі өтті.

Көрменің мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, қиялын ұштау, табиғи материалдарды тиімді пайдалануға үйрету және күз мезгілінің әсемдігін шығармашылық жұмыстар арқылы көрсету.

Көрмеге қатысқан балалар өз қолдарымен жасаған түрлі қолөнер бұйымдарын, күз тақырыбындағы шығармашылық жұмыстарын әкеліп, көпшілікке таныстырды. Оқушылар өз туындыларының жасалу жолдары мен ерекшеліктері туралы әңгімелеп, өздерінің шеберліктері мен қиял байлықтарын көрсетті.

Көрме барысында балалардың еңбектері бағаланып, белсенді қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.